, -
 language
Наверх

2015-06-20

Тарих пәнін оқытуда интерактивті әдістің тиімділігі.


Ж.Е.Утеумаганбетова
№42 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі


Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.«Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Әр оқушыны бір кірпіш деп қарастырсақ дүниенің тетігі боп қаланар әр кірпіштің мықты болуы мына біздер мұғалімдер қауымының қолында екені айдан анық дер едім.Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.Ал жас ұрпақты жан-жақты,терең білімді,интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс–тәсілдерін іздестіру,шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі,берілген білімді меңгертудегі бейімділік,құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.Мұғалім–өте нәзік инструмент,ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады.Ол философ,дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты,психолог,артист..
Мұғалімнің эмоциялық жағдайы,оның дайындық дәрежесі,баламен жұмыс жүргізудегі олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып,оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылғын қалыптастыруда сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары оқытуға деген талапты күшейтуде.Қазақстан тарихы пәні әлеуметтік пән болғандықтан, интерактивті әдіс менің сабақтарымда өте оңтайлы әдіс деп айтар едім.Өтетін кез-келген тақырып оқушыға міндетті түрде оқиғаларды қазіргі таңда болып жатқан оқиғалармен салыстыра отырып саралай білуге,өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға,және оқиғаның оң және теріс жақтарын өз деңгейлеріне сай барынша талдауға жағдай жасайды..Интерактивті әдіс– бұл баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;Өздерін – өздеріне бағалату;Іс – әрекет барысында білім алу. Сондықтан әр сабағыма дайындық кездегі менің алған қояр мақсатым:жан-жақты,білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге,өмір сүруге бейім,өзіндік ой-толғамы бар,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының түсінік жүргізу әдісінен арылуы;оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес,осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі,оқушының оқуға деген ынтасын күшейту,өз дербестігін дамыту.Осы кезде ғаламтор арқылы да сабақ үстінде дайын ақпараттармен жұмыстанудың жолдары көп көмегін тигізеді.Диалог негізінде білім беру мен білім алу да оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өз ойын жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал. Осы негіздерді басшылыққа ала отырып мен 9«б» класында «Қазақстанның мәдениеті» (1900-1940жж.) тақырыбын өткен кезде оқушылар ерекше белсенділік таныта отырып тақырыпты жан-жақты бар қызығушылықтарымен талдап,талқыға салды.Тақырып бойынша оқушылар
1. «Халыққа білім беру», 2«Қазақстан зиялыларының қалыптасуы», 3 «Қазақ тілінің дамуы,қазақ әдебиеті»,4«Қазақстан және Ресей мәдениеттері арасындағы байланыстар»,болып топқа бөлінді.Сабақ барысында «Миға шабуыл» әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. Келесі тапсырмаға көшу үшін оқушыларға міндетті түрде сол берілген уақыт аралығын қазіргі таңмен салыстыра отырып талдауға бағыт-бағдар көрсеттім.Қазақстанның мәдениеті туралы айтқанда ең алдымен өткен дәуір мәдениеттеріне де тоқталып көз алдымызға елестетеміз. Алдарына таратылған постерлер арқылы оқушылар берілген тақырыптарды,әр қайсысы өз ойларын білдіре отырып,жұмыстануға кірісті.1топ«Халыққа білім беру»:Оқиға КСРО кезіндегі Қазақстанда бұқара халықтың мәдени өркендеуі білім беруді қолға алынғаннан бастап жүзеге аса бастағанын және кеңестік білім берудің оң жақтарын санамалап,нақты деректерге сүйене отырып жұмыстарын қорғап шықты.Қазіргі білім берудегі жетістіктердің дені сол дәуірдің салып кеткен жүйесі деген оқушы пікірі екінші топта қарсы сұрақ тудырды.Көздібай Ақнұр:Неліктен біз ендеше қазіргі таңда еуропа елдерінің білімі терең,мәдениеті жоғары елдер деп бағалаймыз.Кеңес үкіметінің жүйесінде яғни қателіктер болған деп есептеймін деген сауал тастады?Оса кезде топтар арасында қызу талас-тартыс тақырыптың ашыла түсуіне ықпал етті.Келесі топ қазақ ғалымдарының, зиялыларының қалыптасуын айта келіп,ол кездегі зиялы топ өкілдерінің ғылым саласында ашқан ерен еңбектерінің жемісін әлі де осы заманымызда мейлінше дәріптеп,игілігімізге жаратып жүргендігімізді айтты.3топ «Қазақ тілінің дамуы,қазақ әдебиеті» тақырыбын сол ғасырдағы жетістіктеріне тоқталып әдебиетіміздің бай қорларына тоқталып өтті.Гүлнұр деген оқушы тіл мәселесі қазіргі таңда актуальдылығын жоя алмай жүрген мәселе дей келе,туған тілімізді өз жерімізде өз қазағымызға қашан үйренер екен деген сұрақтар қынжылтады деп толғанысын білдірді.Оқушылардың әр тақырыптың оң және теріс жақтарын,бүгінгі күнмен байланыстырып отыруы саяси мәдениеттілігін қалыптастыруға көмегін береді.4топ«Қазақстан және Ресей мәдениеттері арасындағы байланыстар» тақырыбын қарсы пікірлерге жол бермей отырып дәлелдеп шықты деуге болады.Өйткені «Мәдениетте шекара жоқ», «Достық- ұлы ұғым» деген сөздерді басшылыққа алыпты.Осы кезеңде қазақ және орыс жазушыларның ынтымақтастығының нығайып,Абайдын ұлы шығармаларын орысша сөйлетсе,А.Пушкин шығармаларын қазақша сайратқан Ж.Аймауытов,А.Байтұрсыновтардың еңбегі нәтижесі қазақ оқырманының таным көкжиегін кеңейте түскені мәлім.Мәдениет саласында екі елдің біте қайнасып кеткендігі,әлі күнге дейін достығымыз жарасқан көршілерміз.Ынтымағымызды әрқашан нығайтып отыруымыз керек деген тұжырымға келді.Бұл ойды барлық топ мүшелері бірауыздан қолдады.Нәтижесінде оқушылар тақырыпты аша алды, қазіргі заманмен салыстыра сараптап,интернет желісінен тапқан нақты мәліметтерін жариялап қорғаған кезде топ арасында өзара ынтымақтастықпен,түсінушілікпен жұмыстанып жатқаны тақырыпқа деген қызығушылық, пәнге деген сүйіспеншіліктеріне риза болдым. Оқушылардың жұмыс кезінде жаппай белсенділік көрсеткендігіне, сонымен қатар бұрын ойын ашық айтуға келгенде тұйықтық танытатын балалардың өзін емін-еркін ұстай бастағанын байқадым.Оқушылар өз-өздерін ынталандыра алды және ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды. Мұнда оқушылар алынған жауаптарға әр топқа шапалақ арқылы марапат жасап отырды.Сонымен қатар жетіспей жатқан тұстарын немесе тапқан мәліметтерін әр топ барынша толықтырып отырды. Бұл сабақта оқушылардың сабаққа деген белсенділігі қалыптасты. Сонымен бірге ойларын толық тыңдау үшін уақыт көбірек бөлінді және сөздерін аяқтауға кедергі болған жоқ, мүмкіндігінше толық тыңдауға тырыстым. Бұрынғы өткен сабақтарыма қарағанда осы сабақтарым мен үшін де, оқушы үшін де қызықты және тақырыпты меңгерудегі қолданылған тәсілдер нәтижелі болды.Соңында әр оқушы үшінші топтың ерекшелігіне тоқталып оларға разылықтарын білдірді. Сабақ барысында барлық тапсырмалар PowerPoint бағдарламасы арқылы жасалғандықтан интерактивті тақтаны пайдаландым. Сынып оқушыларының тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу және өзгеріс енгізу мақсатында кері байланыс орнату сабақ соңындағы рефлексиядан білуге мүмкіндік болып табылады. Қысқаша баяндап өтсем: Бәти деген оқушым сөздік қорының жетік дамығандымен,Ақнұр,Гүлнұрлар ойын ашық жеткізе отырып,тақырыпқа түйін қоя білді.

Мұғалім оқыту қорытындысын жүйелі бағалауы және оқытуды тиімді бағалауды түсінуі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оның алға жылжуына көмектеседі делінген түйінді идея барысында осыған байланысты бірнеше тапсырмалар құрып оқушыларды қалыптастырушы жиынтық түрде бағаладым. Жиынтық бағалауды қолданғанда тапсырмалар блум таксономиясына байланысты құрылды, яғни білімдік, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау деңгейлеріне байланысты болды. Жалпы сынып жоғары деңгейлік екенін сабақ нәтижесі арқылы дәлелдеді.Мына оқушылар топ арасында үздік,белсенді деп аталып дауыс беру арқылы Көздібай Ақнұр, Шыңғыс Бәти,Көбенов Наурызбек,Асылзат,Гүлсезім сынды оқушылар жоғары балл алды.Төмен нәтиже көрсеткен оқушылар болған жоқ.Болашақта білім беруде қандай жаңа технология болмасын оқушыны топ ішінде жұмыстана отырып,дербес пікір қалыптастыра алатын,өзіндік ойы бар,алған білімін өмірде қолдана алатын,озық ойлы, қабілетті, шығармашыл, ынталы, уақытпен есептесетін, құзіретті, өзіндік уәжі қалыптасқан тұлғаға бағытталған болуы керек деп