, -
 language
Наверх

2015-06-15

Құрашасай орта мектебінің қазақ тілі мен әдәбиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Біздің қала. (5-ор. класс)

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: класс оқушыларын Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы, оның мәртебесі туралы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Үндестік заңын қайталау.
2.Дамытушылық: Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың бағыты: Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: слайд материалдары, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін өткізу: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер арнап сәттілік тілейді.
Бәріміз бір топпыз, жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз, мұратымызға жетеміз.
Бір-бірімізге тірекпіз, бірге соққан жүрекпіз.
Аламыз білім жақсы ғып, тілеймін саған сәттілік.
ІІ. Жаңа тақырып.
1. Тапсырмалармен жұмыс.
Класс 2 топқа бөлінеді.
- Сандарды дұрыс сөйлетсеңіздер осы сабақтың тақырыбымен танысасыңдар.(1 ұпай) А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, Т,У, Ұ, Ү,Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я 3 38 11 7 38 19 15 1 16 1
1-тапсырма. Мәтінмен танысып, Астана қаласының тарихын біліп алыңдар. Мәтінді оқып, аударыңдар.(1 ұпай)
Астана қаласы – Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы. Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қала бұрын Ақмола, Целинонград деп аталған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласы күннен-күнге құлпырып келеді.
2-тапсырма.. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.(62 бет) -
Ілік, барыс септігінің сұрақтарын, жалғауларын қайталаңдар. (Призентация № 1) Ілік септігінің сұрақтары: кімнің? ненің? Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Мысалы: қаланың (ненің?), көшенің (ненің?) Барыс септігінің сұрақтары: кімге? неге? қайда? Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не. Мысалы: қалаға (қайда? неге?)
3-тапсырма. Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап, көшіріп жазыңдар.
Үлгі: Жұмысқа – қайда?
Жұмыс, мекеме, дүкен, зауыт, өндіріс, көше, үй, ұлт.
4-тапсырма.. Көп нүктенің орнына барыс септігінің жалғауын қойып, сөйлемдер құраңдар.
1. Абай көшесі...
2. «Самал» ықшамауданы...
3. Теміртау қаласы...
4. Шымкент облысы...
- Төмендегі берілген эпитеттердің қай қатарын Астана сөзімен тіркестіре жазуға болады
А) Жас, көрікті, нәзік(нежный), ерекше.
Ә) Әсем, өзгерген, тамаша, зәулім(высотный).
Б) Таза, әсерлі(впечатляющий), сүйкімді, ұлттық
5-тапсырма.. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер. Бағдаршамның ережелерін білесіңдер ме?
Қиын жол
Бұл – Қазидың қалаға алғаш келуі. Поездан түсісімен, автобусқа жету үшін көшенің арғы жағына шығу керек.
– Қолыңды әкел, көшені қиып өтеміз, - деді көкесі. Қазидың жүрегі дүрсілдеп кетті. Мынадай көп машиналардың арасынан өту қорқынышты еді. Көкесі қолынан жетелеп жүре бергенде, машиналар түгел тоқтап қалды.
Аялдамаға барған соң:
– Көке, сені Алматыдағы шоферлардың бәрі тани ма? - деп сұрады. Көкесі бетіне барлай қарады.
– Неге бұлай ойлайсың?
– Жаңа, көшеден өткенде, машиналардың бәрі тоқтап қалды ғой, - деді. Көкесі күліп алды да, себебін түсіндірді:
– Әне, анау жол жиегінде тұрған бағдаршамды көрдің бе? Соның қызылы жанғанда, машиналар тоқтайды, жасылы – өтуге рұқсат деген сөз.
Қази басын изеді.
Қалаларға сипаттама берілген жұмбақтарды шешіңдер (1 ұпайдан беріледі)
1.Аты оның дәмді жеміс есіміндей,
Жеміс халқының мол несібіндей.
Білмесең бұл қаланы, онда сенің
Қалады қателігің кешірілмей (Алматы)
2.Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе,
Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе.
Барлығы да бір-ақ түсті сияқты,
Сол түстегі қаланы сен тап, кәне.(Ақтөбе)
3.Толассыз күні-түні шахталары
Тереңнен қазынасын ақтарады.
Көмірлі болғанымен осы қала,
Атымен өсімдіктің аталады(Қарағанды)
Призентация №2: «Астананың ғимараттары», А.Жорабаеваның өлеңі «Астана».
ІІІ. Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.
1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)
2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Астана символы. (Бәйтерек)
4. Астана қаласы кандай далада орналасқан? (Сарыарқа)
5. Сен қай ауылда тұрасың? (Құрашасай)
6. Сен бүгін қалай жауап бердің? (Жақсы)
IV. Сабақты қорыту:
- Астанада болып көрдіңдер ме?
- Астана туралы не білесіңдер?
Оқушылардың білімін бағалау.
V. Үйге тапсырма беру: Астана туралы 5-6 сөйлем жазып шағын әңгіме құру.
VI. Рефлексия кезеңі: Сабақта алған әсерлері туралы ой бөлісу.